Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.05.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында өңір басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыстық партия ұйымының төрағасы келушілердің арыз-шағымын мұқият тыңдап, өтініштердің оңды шешім табуы бойынша сала жауаптыларына тапсырма берді. Ең алдымен, аймақ басшысы Шымкент қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы Вадим Тороповты қабылдады. Шаһардағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімді орта құру мәселесін көтерген ол пандустардың жоқтығын алға тартып, мүгедектер үшін арнайы автобустар мен жаяу жүргіншілер жолының талаптарға сай еместігін жеткізді.

    Өз кезегінде, облыс әкімі аталған проблемаларды шешу ісіне азаматтық қолдаулардың жасалу қажеттігін айтып, түрлі деңгейдегі акциялар ұйымдастыруды жеткізді. Сондай-ақ, құрылыс нысандарын салу кезінде мүгедектердің жайын ұмытпауды, сонымен бірге, қоғамдық көліктердің қатарын төмен еденді автобустармен толықтыруды облыстың сәулет, құрылыс, көлік салаларын басқарып отырған жетекшілерге жүктеді.Жалпы бұл күні қоғамдық қабылдауға жеті азамат келіп, әкімге тікелей өтініш-тілектерін жеткізе алды. Мүгедектер жайынан бөлек, мәселелердің басым бөлігі — жұмыссыздық пен жастар проблемасы, коммуналдық қажеттіліктер мен гендерлік саясат тақырыбына арналды. Талқыға салынған жайттарға қанық болған аймақ басшысы аталған мәселелерді облыстық партия ұйымы төрағасының орынбасары Б.Қыстауовқа қатаң бақылауды тапсырды.

    66ac04cc-7448-45b3-adbd-37b59b9dbd23Мәселен, Әйгерім Бекжанова жұмыспен қамту бағдарламалары аясында «Алтын қор» кадрлық резервіне алынып, белгілі боксшы Бекзат Саттархановтың бапкері Нұрлан Жұмабаев жұмыспен қамтылатын болды.  Қоғамдық қабылдауға келген өзге де азаматтар — Гүлмира Тағаева, Мұса Тоқанов, Гүлжамал Етекбаева және Мағжан Исаховтардың ұсыныс, талап-тілектері назарға алынды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.