Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу шарасының нәтижесін шығарды
    Жаңалықтар

    ОҚО-да полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын-алу шарасының нәтижесін шығарды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа27.05.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2016 жылғы 23 мен 25 мамыр аралығында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің полицейлері облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ облыс автожолдарында қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, автоапаттылық деңгейін азайту, оның ішінде жолаушылар көлігінің қатысуымен жол көлік оқиғаларын қысқарту және олардың салдарынан болатын ауыртпашылықты төмендету мақсатында өткізген «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасының нәтижесін шығарды. Жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезінде тәртіп сақшылары ЖКО мен оның салдарының ауырлығын төмендетуге шаралар қабылдауға, тұрақты және тұрақсыз тасымалдаумен айналысатын жүргізушілер арасында жол ережесін қасақана өрескел түрде бұзушыларды анықтау, оның ішінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзу, автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы, тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеу, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару, ұялы телефон мен рация пайдалану, белгіленген жылдамдықты асыру, жолдың қарама-қарсы бөлігіне шығып кету жайттарын және заңсыз (нелегалды) тасымалдаумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды анықтауға бағытталған. «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасына Жергілікті полиция қызметінің мыңнан аса қызметкерлері мен ОҚО ІІД-нің өзге де бөлімдерінің жеке құрамы жұмылдырылды.

    13259997_248251925535755_448703956251784397_n

    «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасының үш күнінде 3 мыңнан аса жол ережесін бұзушылықты анықтады, оның ішінде қоғамдық көліктердің жүргізушілеріне қатысты – 124 жайт анықтаған. Тәртіп сақшылары жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзушылық бойынша – 5 жайт, 6- транспорттық және медициналық қараудан өтпеген, жүк және жолаушы тасымалдауға сәйкес емес куәлікпен жүрген – 18, заңсыз автокөлік жабдықталған – 9, ұдайым емес тасымалдаушы жүргізушілердегі жолаушылар тізімінің жоқтығы – 2 жайт анықталған.Сондай-ақ, рейд барысында полицейлер қауіпсіздік белдігін қолданбау– 678, ұялы телефон пайдаланғаны бойынша 457 жайт, техникалық байқаудан өтпеген автокөлікті басқарған – 165, жылдамдықты асыру – 134, маневр жасау тәртібін бұзу – 88, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу –44, 23 – бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткен, қарама-қарсы жолаққа шығу – 13 және апаттық жағдайды тудырған — 3 жайт орын алған. Жаяу жүргіншілерге қатысты жол ережесін бұзған 193 жайт анықталған.Рейд кезінде полицейлер масаң күйде автокөлік басқарған 34 жүргізушіні ұстады. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 78 құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартқан, 2 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырған. Жол ережесін бұзған 8 автокөлік айыптұраққа жеткізілген.
    Оңтүстікқазақстандық полицейлер облыс тұрғындары мен қонақтарына жол қауіпсіздігі ережесін сақтаудың маңызды екенін еске салады, жүргізушілерге барынша мұқият болуға, жол ережесін бұзбай автокөлік басқаруға кеңес береді. Ал жаяу жүргіншілерге арнайы өтпелі жолдармен жүруді ескертеді.

    ОҚО ІІД Баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.