Қаладағы көлік жуу орындарының 80 пайызы суды шектік мөлшерден асыра ластап отыр. Кәсіпкерлердің жұмысын тексерген «Су ресурстары маркетинг» ЖШС осындай қорытынды шығарды. Еліміздің қолданыстағы Заңының талаптарына сәйкес, барлық көлік жуу орындарында пайдаланылған тіршілік нәрін қайта тазалайтын құрылғылар болуы керек. Бірақ аталған қызмет түрін көрсететін орындар арнайы аппараттың қымбаттығын алға тартып оны сатып алмайтын көрінеді. Салдарынан шайынды судың құрамында химиялық қоспалар белгіленген мөлшерден асып кетеді дейді мамандар. Бұл өз кезегінде кәріз жүйелерінің мерзімінен бұрын тозуына алып келеді екен. Тазалықты қадағалайтын мекемелер талай рет осындай олқылықтарды анықтап, айыппұл салғанымен Заңды елемеген кәсіпкерлер экологиялық тазалыққа көңіл аударып жатқан жоқ.
Ерлан Отарбаев