Конкурстық комиссияның ұсынысымен, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысының бұйрығы негізінде Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры МКҚК-на Мандипов Сәбит Құрманғалиұлы тағайындалды. Сәбит Мандипов 1957 жылы туған. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының түлегі. Еңбек жолын 1982 жылы «Қазақконцерт» Қазақ мемлекеттік концерттік бірлестігінде әртіс-аспапшы болып бастаған ол 1985 жылдан 2013 жылдар аралығында мәдениет саласының түрлі салалары мен мемлекеттік қызметтерде жауапты қызметтер атқарған. Атап айтқанда, Сәбит Құрманғалиұлы әр жылдары, «Арқас» эстрада тобының жетекшісі, ҚР Мәдениет министрінің кеңесшісі, ҚР Мәдениет министрлігі жанындағы республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясының бас директоры, «Қазақстан» ТРК іс басқарушысы, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының бас директоры лауазымдарында болған.
ҚР Мәдениет қайраткері, композитор, аранжирлеуші, белгілі продюсер С.Мандипов 2013 жылдан осы уақытқа дейін Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының мәдени-тәрбие жөніндегі кеңесшісі, оқу орнының көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...