Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдауы өтті. Онда 15 түйткілді мәселе қоғамдық кеңес талқысына түсіп, оң шешімін тапты. Атап айтар болсақ, жалған құжат рәсімдеу, жер телімін заңсыз пайдалану, жолдардың жөнделуі бойынша тұрғындардың өтініш-арыздарын тыңдаған шаһар басшысы басым көпсанды мәселенің оң шешім табуына ықпал етті. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов Елбасы саясатын жүргізіп отырған елдің бас партиясының жұмысына белсенділік танытып, қоғамдық қабылдауда түрлі әлеуметтік мәселелердің дұрыс арнаға түсуін қолдаған қала әкіміне алғысын айтты. Өз сөзінде қала әкімі Ғ. Әбдірахымов құқық қорғау органдары қызметкерлерін тұрғындардың заңдық сауаттылығын арттыруға шақырып түрлі алаяқтықтың алдын алуды тапсырды.
КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА
Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...










