• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қараша 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстікте 1022 мектепте соңғы қоңырау соғылды

25.05.2016
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық мектептерде дәстүрлі «соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтті. 2015-2016 оқу жылында облыстағы 1022  мектепте 584089 оқушы  білім алса, оның 31288 биыл мектепті бітірді. Түлектер ішінде 1440 оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 603 оқушы жалпы орта білім туралы үздік аттестат алуға үміткер. Айта кеткен жөн, былтырғы оқу жылында  609 бала «Алтын белгі» белгісін растаған болатын.

Назарбаев зияткерлік мектебі еліміздегі ең озық әрі кәсіби маман даярлаудағы алғашқы баспалдақ. Жаңа технологияларды бір арнаға тоғыстырып, білікті ұстаздардың жастарды тәрбиелеудегі тың әдіс тәсілдері ойысқан білім ордасы. Қазірдің өзінде мектепте 129 оқушы жас түлек атанса, оның бірқатары бүгіннің өзінде түрлі гранттардың иегерлері. Яғни, халықаралық, республикалық байқаулар мен жобаларда бақ сынап үздік деп танылғандар. Бұл білім ошағы ұстаздарының нағыз ел экономикасы мен әлеуетінің артуына ықпал ететін мамандар даярлаудағы еселі еңбегі. Үлкен өмірге қанат қағып, болашағынан зор үміт күттірер жас түлектерді облыс әкімі арнайы құттықтап, тілегін жеткізді.

Облыстағы 1022 мектептің 30 мыңнан аса түлегі алтын ұяларымен қоштасты. Осы бітірушілердің 1440 «Алтын белгіге» үміткерлер болса, 603 Үздік аттестаттан ниеттілер. Айта кетейік,  бітірушілер 2-15 маусым күндері аралығында өтетін сынақ Ұлттық біріңғай тестілеуге 74,3 пайыз қатысуға өтініш білдірген. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылардың тестілеуге қатысу көрсеткіші жоғары. Оңтүстік абыройын асқақтатып, білім берудегі дәрежесін арттыруда Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері де белсенді. Өйткені  ұстаздар оқушыларға білім мен тәрбие беріп  бәйгелерде топ жарып озып шығуы үшін тәжірибесін, бүкіл өмірін арнаған. Ал талапкерлердің бұл соңғы рет оқушы кейпінде қатарда тұрған сәті. Жанарларында жас, көңілінде қимастық, үлкен үмітте бар. Жас түлектер үшін соңғы рет естілген қоңырау үні ерекше, жүректе мәңгі сақталады. Белгілі бір кезеңмен қоштасу үлкен өмірмен кездесу сәтінде мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары да арнайы келді. Олар ұл- қыздарынан және олардың құрбы құрдастарынан Қазақстан халқы үміт күтерін, ел болашағының дамуы жолында аянбай еңбек ететініне сенеді. Ата-ананың ізгі тілегі  үкілі үміті  жас түлектерге күш қуат, шалқар шабыт сыйлайтыны анық.  Салтанатты кеште сыңғырлаған қоңырау үні түлектер үшін соңғы рет соғылды. Ал, өзге оқушылар бір сынып жоғарылап, жазғы каникулға аттанды. Балалық шақ уайымсыз мектеп жылдарымен қоштасу қоңырауынан кейін жас түлектер білім ордасының табалдырығында мектеп вальсін биледі. Ұстаздарына алғысын, жеткізіп музыкалық сәлем жолдап жатты. Биылғы жылы бітірген түлектердің мектеппен қоштасуы Тәуелсіздіктің 25 жылдық меркесімен тұспа тұс келіп отыр. Ендігі мақсат биік белестерді бағындырып, білімнің шырқау шыңына шығып, елдің сан саласында қызмет етіп, абыройды асқақ ету осы жас буынның қолында. Елбасы әр сөзінде жастарды қанаттандырып, жігерлендіріп, болашақ жастардың қолында екенін де айтып келеді. Сондықтан мәңгілік елдің құрушылары жасампаз жастар бәсекеге қабілетті әрі білімді талапты маман атанып, ел экономикасы мен әлеуеттің қарышты дамуына сүбелі үлес қосуы тиіс.

Еңлік Заманхан

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.