Алматы. 25 мамыр. ҚазТАГ – Мәскеуде Қырғызстанның халық жазушысы Шынғыс Айтматовқа ескерткіш орнатылады, деп хабарлады ҚырТАГ.
Ресейдегі Қырғыз Республикасының баспасөз қызметінің хабарына сай, кеше мүсінші А. Сейталивтің Мәскеу қаласының мәдени мұрасы департаментінің монументтер, ескерткіш белгілер және мемориалдық тақталар бөлімінің бастығымен Мәскеудің Даниловский ауданындағы шағын бақта (Павловский көшесі мен Падольский шоссесінің арасындағы) Ш. Айтматовқа ескерткіш орнату мәселесі бойынша кездесуі болды.
Баспасөз қызметінің айтуынша сол шағын баққа мәскеулік билік шешімімен Ш. Айтматовтың есімі берілді.
Кездесу барысында ұйымдастырушылық-техникалық мәселелер талқыланып, ескерткіш орнатылатын орын тексеріліп, ескерткішті орнатудың алдын ала сұлбасы жасалды.
Мәскеу қаласының мәдени мұра департаментінің өкілдері аталған мәселеге мейлінше көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.