«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесі партияның сайлауалды бағдарламасын және жол қозғалысындағы қауіпсіздік ережесін түсіндіруге бағытталған «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді. Бұл күні бір мезетте Республика бойынша 300-ден аса, облыста 30-дан аса көшелерде акция ұйымдастырылды. Шымкент қаласы, Қонаев даңғылында өткен шарада да тұрғындардың ұсыныс пікірі тыңдалды. Жалпы қоғамның назарында жүрген мәселелер партия тарапынан тиісті орындарға жеткізілмек.
Жолаушылар мен жүргізушілердің тәртіп сақшыларына деген қөзқарасы. Акцияда жүргізілген сауалнамада 9-сұрақ осы бағытқа негізделген. Мақсат тұрғындардың берген жауабы арқылы жергілікті және әкімшілік полиция қызметкерлерінің жұмысы мен автожолдарда құқықтық тәртіптің жағдайын жақсарту.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










