Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қазығұрт ауданындағы 64 елдімекеннің 42-сі ауыз сумен қамтылған
    Жаңалықтар

    Қазығұрт ауданындағы 64 елдімекеннің 42-сі ауыз сумен қамтылған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.05.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өндірісін дамытып, өнім көлемін арттыру бойынша 1,8 млрд.  теңгені құрайтын  өндіріс ошақтары құрылуда. Ал, елді мекендердегі инфрақұрылымды құру мәселесі де кезеңімен жүзеге асуда екен. Бұл туралы Қазығұрт ауданына әкім  болып 1 ай бұрын ғана тағайындалған Төлеген Телғараев айтып берді.

    Қазығұрт ауданында кәсібінің нәсібін көремін деп, мемлекеттен көрсетілген қолдаудың шарапатын көріп отырған 6330 кәсіп иесі бар. Олар аудан әлеуетін арттырып, экономикасының түзелуіне сеп болып келеді. Яғни, кәсіпкерлер тарапынан 118,6 млн теңге  мемлекет қалтасына түсіп, салығын төленген. Ал, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы  аясында 5 жоба мақұлданып, тың бастамалар жүзеге асады деп күтіліп отыр. Ауданға инвестиция тартуда кенжелеп жатқан жоқ. Яғни, аудан кәсіпкерлерінен тартылып жатқан инвестиция ауқымды. Табиғаты қолайлы Қазығұрт ауданының  ауыл шаруашылығында да қарқынды өсім бар. Жалпы ауыл шаруашылығына тиесілі жер көлемі жеке азаматтардың еншісіне бұйырып отыр. Яғни ондағы мақсат халықтың екі қолға бір күрек тауып, халықтың  нәсібін жерден табуына мүмкіндік жасау. 274004 га жер жеке серіктестіктерге, шаруа қожалықтарына, өндірістік кооперативтердің иелерінің меншігінде. Жалпы егістік егу, жылыжайды жандандыру жұмыстары да жүйелі. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша тиісті тапсырмалар орындалды дейді аудан басшысы. Қарапайым ауыл тұрғындарының күнделікті табыс көзіне айналдыру үшін жанұялық сүт фермаларын іске қосу мақсатында 50 бірлік жұмыс жасап жатыр. Биылғы жылдың еншісінде 77-ге жеткізу межеленіп отыр. Ал құрылыс саласында ауданға қазынадан қаржы бөлініп, жаңа нысандар бой көтермек. Қазығұрт ауданындағы 64  елдімекеннің 42- сі ауыз сумен қамтылса,  ендігі 19 ауылдың халқы үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалып, оның 14-іне жобалық сметалық құжаттары жасалынады. Яғни, ол үшін облыстық бюджеттен 69,6 млн. теңге бөлінуі мүмкін. Газдандыру жүйесі бойынша айта кетсек, 22 елдімекеннің халқы ғана табиғи отынның рахатын көріп отыр. Ал құрылыс аяқталған 31 ауылға түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Білім, денсаулық сақтау саласында да көрсеткіш жаман емес. Ауданда жұмыспен қамтылу деңгейі де көш ілгері. Осы жылдың төрт айына 237 жаңа жұмыс орны ашылу жоспарланса, 326 жаңа жұмыс орны ісін бастаған. Негізгі межеде 339 азаматты жұмыспен қамтылу көзделсе, 402 азамат екі қолға бір күрек тауып отыр.

    Еңлік Заманхан

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.