Шымкентте балабақша меңгерушілері де ашық конкурс арқылы тағайындалады. Осылайша алғаш рет қала әкімінің бастамасымен жүзеге асқан мектеп директорларын тағайындау әдісі басқа салалардың да қызығушылығын тудыруда. Шымкентте алғаш болып бөбекжай меңгерушісін ашық әдіспен тағайындауға №60 «Тараз», №61 «Нұртас» және №62 «Ботақан» балабақшалары қызығушылық танытқан. Аталған басшылық лауазымдарға жалпы 16 үміткер құжат тапсырды. Шаһар басшысы Ғ. Әбдірахымовтың қатысуымен өткен арнайы комиссия отырысының нәтижесі бойынша №60 «Тараз» бөбекжай балабақшасына Қарлыгаш Байхарашева, №61 «Нұртас» бөбекжай балабақшасына Айжан Елшибаева, №62 «Ботақан» бөбекжай балабақшасына Феруза Примбекова конкурс қорытындысын алды. Сонымен қатар, №63 негізгі орта мектеп директоры лауазымына 2 үміткер құжат тапсырып, білімі, біліктілігі жағынан көзге түскен Назия Абилдабекова №63 негізгі орта мектеп директоры лауазымына конкурс қорытындысына ие болды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі