• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қазан 31, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қала бюджеті 25 пайызға ұлғайды

04.05.2016
0

Сейсенбіде Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы өтіп, онда бірқатар мәселелер талқыланды. Жиынға қала әкімі Ғабидола Әбдірахымов та қатысты. Күн тәртібінде «2016-2018 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу мәселесі және қала әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, жастарды үйлестіру кеңесінің дербес құрамы және діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің құрамына  өзгеріс енгізу туралы мәселесі де қаралды. Нәтижесінде, Шымкент қаласының қазынасы 104 млрд. теңгеге ұлғайды. Өткен жылға қарағанда 25 пайызға өскен бюджет қаржысы әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешу мақсатында жұмсалмақ. Яғни, қала бюджеті 103 млрд 900 млн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттен 29 млрд 602 млн, облыстық бюджеттен 24 млрд 938 млн теңге қаралған. Ал қала бюджетінің кірістері  49 млрд 359 488 теңгеге жетті. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекованың баяндамасында кеңінен айтылды. Мұнан өзге, 2016 жылға республикалық бюджет және ҚР ұлттық қор трансферттерден 11 млрд 288 735 мың теңге түзету есебінен енгізілген болатын. Оның ішінде ағымдағы трансферттен 2 млрд 85 307 мың теңге, даму трансферттерінен 9 млрд 203 млн 428 мың теңге қаралып отыр. Атап айтқанда, «Тұран» шағын ауданының инженерлік-коммуникациялық жұмыстары мен тұрғын-үй құрылыстарына бағытталмақ.Sequence 01.Still001Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарының биыл өз әкімшілік орындары белгіленіп, техникалық негіздеме құжаттарына қала бюджеті қаржы қарастырып отыр. Сонымен қатар, Ынтымақ мөлтекауданының жобалық сметалық құжаттары да осы жылдан қалмай дайын болады дейді қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова. Сондай-ақ, қаладағы бірнеше әлеуметтік, қоғамдық, құқықтық коммисия құрамдарына өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік қызметкерлерден құралған комиссия және түрлі кеңестердің құрамы бүгінгі отырыста халық қалаулыларымен толықты. Мұнан былай, шаһар аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдананылмай жатқан жерлер мен бірыңғай жер салығының мөлшері артатын болды. Депутаттар бірауыздан қабылдаған бұл шешім жерді алып, пайдасына асырмай жатқандарға жүген болмақ. Енді  оларға салынатын салықтың көлемі 10 есеге дейін өспек.

Sequence 01.Still004

Күн тәртібінде қаралған келесі мәселе қалалық мәслихаттың 3 бірдей шешімін жоюға бағытталды. Заңдылықтарға өзгерістер енгізілуіне байланысты коммуналдық қалдықтар мен оларды әкету, пайдаға асыру мен ауылшаруашылығы бойынша пайдаланылмайтын жерлердің жер салығына байланысты шешімдер өз күшін жойды. Сондай-ақ, «Б» корпусы бойынша Шымкент қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітіліп, штат құрылымы туралы шешіміне өзгерістер енгізілді. Мұнан былай бөлім меңгерушілері енді бөлім басшылары деп аталатын болады. Қаланың қазынасының едәуір есеге өскендігін қуана жеткізген қала әкімі Ғабидолла Рахматуллаұлы сессия соңында сөз алып, өзінің 5-ші орынбасарымен таныстырды. Шаһардағы ауыл шаруашылығы жөнінде мәселелермен бұдан былай Баймұханов Тимур Сұлтанбекұлы айналысып, осы сала бойынша сұрақтарға жауап бермек. Жоғары білікті маман бұл қызметке дейін қала әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарған.Sequence 01.Still003

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.