Шымкентте 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай қала әкімдігінің қолдауымен 5 мың шаһар тұрғыны қатысқан марафон өтті. Д.Қонаев даңғылы бойында орналасқан «Royal club» фитнес клубының алдынан «Наурыз» алаңына дейінгі 5 шақырымдық марафонға шаһардың жастарынан қарттарына дейін белсенділік танытты. Ең жас қатысушы 8 жаста. «Наурыз» алаңындағы мерекелік шарада Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов : «Біздің баға жетпес байлығымыз – бірлігіміз. Татулық – тұрақтылықтың ең басты тұғыры. Ал, тұрақтылық – ұдайы дамудың бірден-бір кепілі.», – деп, барлық қатысушыларды, шымкенттіктерді бүгінгі Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған марафонға жастарынан қарттарына дейін белсенділік танытты.
Сонымен қатар, мұнда түрлі спорт түрлерінен жарыстар өтті. Осылайша шымкенттіктер мерекені жақсы көңіл күймен қарсы алды.