Оңтүстік Қазақстан облысында ішкі көші-қон процесстерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру мақсатында еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін республикамыздың Солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 50 отбасы халқы тығыз аудандардан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева осылай деп мәлім етті. Баспасөз мәслихатына қатысқан Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының өкілдері Оңтүстіктегі халқы тығыз орналасқан облысымыздың Сарыағаш, Мақтарал аудандары мен Шымкент қаласында 27-29 сәуір аралығында бос жұмыс орындар жәрмеңкелері мен «Серпін» бағдарламасы аясында жастармен кездесулер ұйымдастырылғанын айтты. Атқарылған іс-шаралар негізінде жалпы 3 мыңға жуық адам жәрмеңкеге қатысып, 906 отбасы көшуге ниет білдірді. Кездесу соңында еліміздің Солтүстік Қазақстан облысына көшуге ниетті 16 отбасыны салтанатты түрде шығарып салу рәсімін өткізу көзделіп жатқаны белгілі болды. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады.
ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МЕН ПОЛИЦИЯ БІРЛЕСІП РЕЙД ӨТКІЗДІ
Шымкент қаласында төтенше жағдайлар қызметі мен полиция департаменті бірлесіп кезекті профилактикалық рейд жүргізді. Басты мақсат – жарық шамы мен...