Облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін кітапханаға Франция мемлекетінен 1-ші топтағы зағип азамат Башир Керруми келді. «Beeline Казахстан» орталығының ұйымдастыруымен жазушы, қоғам қайраткері «Қызыл жамылғы» атты кітаптың авторымен кездесу кеші өтті. Шара барысында шет мемлекеттен келген қонақпен оқырмандар сұхбаттасып, өмірі мен шығармашылығынан сыр шертіп, өмірлік тәжірибесімен ой бөлісті. Оқырмандар тарапынан сансыз сауалдар жолданса, аудармашының көмегімен жазушы нақты сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында Башир Керруми спорт саласында жеткен жетістіктерімен бөлісіп, дзюдодан қара белбеу иеленгені кезіндегі бейнероликті оқырмандар назарына ұсынды. Кеш соңында қаймағы бұзылмаған қонақжай Оңтүстік жұрты Башир Керрумиге ұлттық аспап қобыз және қамшыны тарту етті.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....











