Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Ташкент қаласына келді. Сапар аясында Президент И.Кәрімовпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған-деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Айта кетсек, 29 наурыз күні Елбасы Жарлығына сай Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев ҚР-ның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалған болатын. Мемлекеттер басшылары онда сауда-экономика, су-энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырып, күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелерді, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Ташкентте өткізу жоспарланып отырған ШЫҰ Саммитіне қатысты жайттарды талқылады.