Шымкентте тәртіп сақшылары ізін суытпай өзгелердің мүлкін қолды етумен айналысқан күдіктілерді құрықтады. 13-сәуір күні Қаратау аудандық ІІБ-на «Нұрсәт» шағынауданының тұрғынынан велосипеді ұрланғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері уақытында жедел іздестіру — шараларына кіріседі.Нәтижесінде, шахардағы көшелердің бірінде Қаратау аудандық жол-патрульдік полициясы қырағылық танытып, екі жас жігітке назары ауады. Олар белгісіз көлікке велосипедтерді артып, қаламыздағы базарлардың біріне бет алған. Күдіктілердің ізіне түскен тәртіп сақшылары оларды дер кезінде қолға түсіреді. Ұрлықпен айналысқандар 1978 және 1982 жылғы туылған жергілікті тұрғындар болып шықты. Екеуі де жұмыссыз, арам пиғылдарын жүзеге асырмақ болғандардың бірі бұрын сотты болған. Олардан 4-велосипед, қалталарынан ұрлық жасауға пайдаланған құрал саймандар тәркіленген. Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-ның 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР
Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...