Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен конкурс нәтижелері бойынша
Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы лауазымына Салыхан Сабырұлы Полатов тағайындалды.
1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – инженер-металлург, экономист.
Еңбек жолын 1982 жылы Манкентживмаш зауытының инженер-технологы болып бастаған. 1983-2005 жылдары Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, аға мастері, «Шымкент қорғасын зауыты» АҚ басқарма бастығының орынбасары, атқарушы директорының коммерция бойынша орынбасары, «Южполиметалл» ЖАҚ директорының орынбасары болып еңбек еткен. 2005-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Отырар ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2016 жылдың ақпан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып болып қызмет етіп келді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










