Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Таза қала» байқауы жарияланды
    Жаңалықтар

    «Таза қала» байқауы жарияланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.03.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    ????????????????????????????????????
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласының әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы «Таза қала» акциясын жариялады. Оған қала аумағында орналасқан үйлердің төрайымдары мен көше атынан көше комитетінің төрағалары қатыса алады. Бүгінде «Таза қала» акциясы 4-рет ұйымдастырылып отыр. Байқауға қатысушылардың өтінімдері 20-сәуірге дейін қабылданады. Қаржы қалалық бюджеттен бөлінген. Акцияның мақсаты, Шымкент қаласының тұрғындарын тазалық сақтауға үндеу, көшелерді, көпқабатты үйлердің аула аумақтарын көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық жағдайына көңіл бөлу және абаттандыруға тұрғындарды кеңінен тарту болып табылады. Акцияның мақсат-міндеттері жөнінде тұрғындарға арнайы парақшалар таратылып, толық мәліметтер берілетін болады. Биылғы акцияның өзіндік бір ерекшелігі сол – үздік деп танылған мектеп оқушылары мен жергілікті полиция қызметкерлері де жекелей номинация бойынша марапатқа ие болмақ. Ең бастысы, акция ашық, әрі әділ жағдайда өтеді, – деді қала әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы. Ал, «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы парақшалар барлық тұрғын үйлерге ілінетінін, онда акцияға қатысты мәліметтер толық қамтылғанын атап өтті. Ол үшін жалпы саны 13 адамнан тұратын арнайы комиссия да құрылған. Жұмысшы топ әр 15 күн сайын сараптама жасап отырмақ. Акцияның өткізілетін мерзімі – 2016 жылғы 20 сәуір – 20 қыркүйек айларының аралығын қамтиды. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы қазан айының бірінші онкүндігінде анықталып, Қала күніне орай әр ауданнан І, ІІ, ІІІ орындар бойынша ақшалай сыйлықтармен және қала әкімінің дипломдарымен марапатталады. Жиынға қатысушылар акцияның мән-маңызын көпшілік арасында кеңінен насихаттау мақсатында Шымкент қаласы тұрғындарына арнап Үндеу жариялады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.