Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО жергілікті полиция қызметінің негізгі міндеттері нақтыланды
    Жаңалықтар

    ОҚО жергілікті полиция қызметінің негізгі міндеттері нақтыланды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.03.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бейсенбі күні облыс әкімдігінде Жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті. Онда өңір басшысы мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Еске салайық, өткен жылы ҚР Үкіметімен еліміздің өңірлерінде жергілікті билік органдары мен халыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) мекемелерін құру туралы қаулы бекітілген болатын. Жиын барысында ОҚО ЖПҚ бастығы Б.Абылаев қаулының қабылданғаннан соң, жаңа құрылымның жұмысын ұйымдастыру аясында қажетті шаралардың қабылданғанын жеткізді.

    12809658_932531540196519_909428653560765147_n«Негізгі қызметтерге үміткерлерді іріктеу жүргізіліп, олардың іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеттері сараланды. Жаңа құрылымды материалды-техникалық қамтамасыз ету мәселелері әзірленді. Қазіргі таңда лайықты кадрларды іріктеу жұмыстары толығымен аяқталды», — деді ЖПҚ басшысы. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің басшысы жаңадан құрылған құрылымның алдында тұрған басым және бірінші кезектегі тапсырмалар ретін атады. Мәселен, құқық қорғау саласының жағдайына сағат сайын егжей-тегжейлі мониторинг жүргізіп, шұғыл жағдайдың алдын алу шараларына тез арада кірісу қажет. Оның ішінде, әрбір қызметкердің жұмыс уақытын тиімді пайдаланып, қоғам игілігі үшін жұмыс істеу ләзім. Сонымен қатар, жеке құрамды қызметіне лайықсыз қызметкерлерден тазартып, ондағы тәртіпті нығайту аясында түбегейлі шаралар қабылдап, жергілікті полиция қызметінің жергілікті атқарушы және өкілдік органдармен ынтымақтастық механизмін әзірлеп, құру керек. Б.Абылаевтың айтуынша, қарым-қатынас жұмыстары жан-жақты және барынша нәтижелі болуы тиіс.
    Кездесу соңында өңір басшысы Б.Атамқұлов жергілікті полиция қызметінің жұмысын жүйелеп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында заң үстемдігі орнауы тиістігін жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.