Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс мектептерінде кәсіби бағдар беретін кабинеттер ашылды
    Жаңалықтар

    Облыс мектептерінде кәсіби бағдар беретін кабинеттер ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.02.2016164 Views

    Елбасы халыққа арнаған Жолдауында жастардың белгілі бір мамандық иесі болуы үшін кәсіби-техникалық білім беруді жетілдіру қажеттігін айтқан болатын. Осы орайда, облыстағы әрбір орта мектептерде кәсіби бағдар беретін кабинеттер ашылды. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар дайындау бөлімінің басшысы Р.Асанова айтты. Саяси құжатта айтылған міндеттерді орындау мақсатында аудан, қала әкімдіктері жанынан бағдарламаға қатысатын мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер мен колледж, аймақтағы кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен жұмысшы топ құрылуда. Баспасөз мәслихатында баяндамашы жалпы облыстағы 90 колледжде 97 мамандық бойынша 70905 оқушы білім алып жатқанын, соның ішінде мемлекеттік тапсырыспен білім алғаны 28902, яғни 38,2 % құрайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, қажетті техникалық мамандықтарға сұраныс айқындалып соңғы 3 жылда 20 жаңа мамандық ашылды. Кәсіпорындармен өзара байланысты нығайтып, дуальді оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, құрылыс, техникалық, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салалары бойынша 2015 жылы 28 колледжде 39 мамандық бойынша 100 кәсіпорынмен 4 жақты келісім шарт жасалып, 1347 студент аталған оқыту жүйесімен қамтылды. Сонымен қатар, кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында 6 сала бойынша базалық колледждер құрылды. Олар туризм және қызмет көрсету, тігін, тоқыма және тамақ өндірісі, транспорт, ауылшаруашылық, құрылыс, техникалық және энергетика салалары. Соның ішінде, Шымкент аграрлық колледжіне облыстық бюджеттен 441 млн. қаржы бөлініп, оқу-өндірістік базасы салынып пайдалануға берілді. Техникалық және кәсіптік білім мекемелерін мемлекеттік тапсырыспен 2014 жылы бітірген – 9845 бітірушінің 9014-і немесе 91,6% жұмыспен қамтылған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.