Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қаладағы ретсіз, келбетсіз салынған нысандар түзелетін болады
    Жаңалықтар

    Қаладағы ретсіз, келбетсіз салынған нысандар түзелетін болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа24.02.2016Updated:25.02.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық, шахарда ауыз су, табиғи газ, электр жүйесімен қамту жұмыстары қолға алынбақ. Бұл туралы әкімдіктің кеңейтілген мәжіліс отырысында айтылды. Жалпы қалада 81-елдімекеннің елу сегізі тәулік бойына, ал 15- і кестелік тізіммен, қалғандары ұнғымалар мен құдықтардан ауыз суды тұтынады. Ал 33-елдімекен сапалы электр жүйесімен қамтылса, 48-і қосымша құрылысты қажет етуде. Өткен жылдың өзінде ауыз су бойынша бес нысанның құрылыс жұмыстары аяқталса, биыл бірқатар елдімекендер тіршілік көзімен қамтамасыз етілмек. Яғни Нұртас, Сайрам алабы, Қайтпас — 1, Самал-3, Ұлағат, Қызылжар, Ынтымақ шағын аудан тұрғындары ауыз судың шарапатын көреді. Мұнан өзге аймақтарға да қуанышты күннің ауылы алыс емес. Шымкентті сапалы электр жүйесімен қамту бойынша да биыл жүйелі жұмыстар басталады. Қала құрамына қосылған елдімекендерге жобалық құжаттар дайындалып, құрылыс жұмыстары жүргізілмек.56cd9b579f4ecКөгілдір отынды жеткізу  жағдайы жаман емес шахарда. Алайда тұрғындардың оны өз игілігіне пайдалануы ақсап тұр. «КазТрансГазАймақ» мекемесі мамандарының айтуынша, бұған кейбір тұрғындардағы қаражаттың жетіспеушілігі  және жер телімдерінің бос тұруы себеп. Қаланың даму тұжырымдамасын жүзеге асыруда Шымкенттегі өзекті мәселелерді оңтайландыру, қарқынды құрылыс пен сәулетін жақсарту маңызды. Бұл тұрғыда Ғабидолла Әбдірахымов мемлекет меншігіне тиесілі жер телімдерін қайтару, ретсіз, келбетсіз салынған нысандарды түзеу керектігін атап өтті. Мәжілісте енгізілген мәселелер бір ауыздан қабылданды. Енді жүйелі жоспарды жүзеге асыру қажет.

    Жомарт БЕГІМБЕТОВ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.