«Южный Казахстан» газетінің бас редакторы Марина Лимаренко — Оңтүстік Қазақстан облыстық славян этно-мәдени бірлестігінің жаңа төрайымы болып сайланды. Бұл қызметті бұған дейін Юрий Кирюхин атқарып келген болатын. Лимаренко Марина Анатольевна — Қазақ Химия технология институтын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген. «Южный Казахстан» газетінде тілші, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеген. 2009 жылдың наурыз айынан бастап, бүгінге дейін осы басылымның бас редакторы. Әріптесімізді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтап, алдағы жұмысына шығармашылық табыс тілейміз!
ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ДӘРІПТЕЛЕДІ
Ұлттық мұраның қадірі оны сақтаумен ғана емес, күнделікті өмірде тұтынумен өлшенеді. Осы мақсатта Шымкент Креатив хаб орталығында қолөнер шеберлерінің дәстүрлі...










