• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Созақ ауданында 110 жастағы қария тұрады

08.02.2016
0

Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы, Аққолтық елді мекенінде 110 жасқа толған Рсымбетов Бейсек Кекіреліұлы есімді қария тұрады. Аудан әкімі Мақсат Исаев ардагер ақсақалды құттықтап, үстіне шапан жауып, қолына жайнамаз ұстатты. Аудан басшысының туған күнімен құттықтағанына ризашылығын білдірген қария. «Айналайын балам, ел өзің туралы жақсы пікір айтады. Көзім нашар көріп, құлағым ауырлағанымен, Тәуелсіз еліміздің өсіп өркендегінін, Елбасының амандығын, туған жерім Созақтың жақсы жаңалықтарын біліп отырамын. Сен қарияны сыйласаң, елің сені сыйласын. Өркенің өссін айналайын» — деп маңдайынан сүйді. «Қариясы бардың қазынасы бар деген. Ұрпақтарыңыздың берекесі болып, көз алдында аман есен жүре беріңіз. Елімізде өзіңіздей сүйегі асыл, қазыналы қарияларымыз көп болсын, жасыңызды ұрпақтарыңызға берсін» — деді аудан әкімі. IMG_07831906 жылы туылған қарияның кіндігінен 2 ұл, 5 қыз, 32 немере, 22 шөбере тараған. Құлағы ауырлау естейтін абыз атаның көкірек көзі сау, көңілі жас. Бүкіл немере шөберелерінің аты – жөнін жатқа біліп, балаларының тату тәттілігін сұрап тұрады дейді бүгінде 75 келген жұбайы Бегманова Жақсықыз. 60 жыл жұбайлық өмір құрған отағасы туралы Жақсықыз апай: «Алмағайып заманда дүниеге келіп, талай зар заманды басынан өткерді. Аштықты да, соғыс уақтысында көрді. Совхоз құрылған 1960 жылдан бастап, аттан түспей түйе бақты. 1990 жылы таяғын інісі Әленге ұстатты. Жас кезінде ауылдың той-томалағында айтысқа түсетін ақындығы болған. Алғашқы әйелі Рсымбетов Талшыбық Таңабайқызына жастай үйленіп, одан ұрпақ сүймеген соң, бәйбішесі рұқсат беріп, 16 жасымда осы аталарыңа тұрмысқа шықтым. Бәйбішесі Талшыбықпен тату тәтті бір шаңырақ астында 18 жыл бірге тұрдық. Ол кісі 1975 жылы қайтыс болды. Әуелі Алланың, сосын шалымның арқасында, бала шағаммен немерелерімнің ортасында бақуатты өмір сүріп отырмын» — дейді Жақсықыз апа.
Немері інісі, ауылдық аурухананың бас дәрігері Мадияр Бейсенбеков: «Өзімізде дәрігерміз. Ұзақ жасауының сыры қазақтың қымыраны мен шұбатында болса керек. Себебі өмір бойы совхоздың түйесін бағып, шөлдесе қымыран мен шұбатты сусын қылған ғой. 84 жасына дейін аттан түспей түйе бақты, зейнетке шыққан соң 5 уақыт намазын беріге дейін оқыды» – дейді.

 

Previous Post

Ұласбек Сәдібеков — ОҚО әкімінің орынбасары

Next Post

Шымкент мектептерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған конкурс өтуде

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.