Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Өткен жылы облыс прокуратураcы 29 мың заңбұзушылықты анықтаған
    Жаңалықтар

    Өткен жылы облыс прокуратураcы 29 мың заңбұзушылықты анықтаған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа05.02.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Өткен жылы облыс прокуратурасы бір жарым мың тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 29 мың заңбұзушылықты анықтаған. 14 мыңнан астам азаматтардың құқықтары қорғалған іс—шара 5695 тұлғаның жауапкершілікке тартылуымен аяқталған. Тәртіптік, әкімшілік, материалдық жазалар тағайындалған азаматтар ісінің бірәзі сот залдарынлда қаралғанын айта кету керек. Бұл туралы облыс прокуратурасында өткен брифингте кеңінен айтылды. Жиында облыс прокуроры Ибраһим Иманов 2015 жылы өңірде орын алған қылмыстық іс пен суицид жайы бізге үлкен сабақ болуы керек деп сөзін бастады. Сарыағаштағы жағдай, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты жою, ел ертеңнінің алаңсыз болуына жолдама іспетті. Адал еңбекақысын ала алмай, әділдік іздеп шырыл қаққан қазақстандық жұмысшылардың құқықтарының бұзылу деректері прокуратура органдарының араласуымен оң шешімін тапқан. Нәтижесінде жалақы қарызы 3 есеге жуық төмендетілді. Ғаламторды жайлаған жағымсыз бейнедегі сайттар мен суицидтік әсері бар 400 интернет беттері жойылды. Білім басқармасымен бірлесе бірыңғай «Cool орталық» арқылы «Кризистік орталық» өз жұмысын бастады. Жас ұрпақтың бойын жат әдеттен аулақ ұстауға бағытталған шаралардың нәтижесінде соңғы 4 жылда қылмыстық жағдай 2 есеге азайды. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін 22 жосықсыз жолаушы тасымалдайтын серіктестік жұмысы тоқтатылды. Облыстық прокуратура органдарының жанына «Қоғамдық қабылдаудың» жұмысы қарқынды жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда өткізілген 10 қабылдауға 40 азамат келген, оның 36-сы түпкілікті жауап берілуіне байланысты арыз қалдырудан бас тартқан.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.