Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте жергілікті полиция құрылды
    Жаңалықтар

    Шымкентте жергілікті полиция құрылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.02.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Дүйсенбіде қалалық мәслихаттың кезектен тыс 56-сессиясы болып өтті. Онда талқыланған негізгі тақырып жергілікті полиция қызметін құру және оның жұмысын жандандыру болды. Тұрақты комиссияда талқылай келе, қалаға қарасты аудандардағы жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына үміткерлердің тізімі анықталды. Атап айтар болсақ, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция подполковнигі Мейрхан Данияр Мейрханұлы үміткер деп танылды. Бұған дейін Данияр Мейрханұлы Сайрам АІІБ бастығы болып еңбек еткен. Жаңа басшы енді шаһардағы жергілікті полиция қызметінің жұмысын жандандыруға және пагондылардың халық алдындағы беделін көтеру үшін еңбек етпек. 12661764_1693671104212583_5253041463565820250_nСонымен қатар, тұрақты комиссия шаһарға қарасты төрт ауданның құқық қорғау органдарының бастығы лауазымына үміткер азаматтардың атын атады. Атап айтар болсақ, Абай ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция майоры Арыстанбеков Руслан Бектайұлы, Әл-Фараби ПБ бастығы лауазымына полиция полковнигі Кенжебаев Ерғали Мамырұлы, Еңбекші ПБ бастығы лауазымына полиция подполковнигі Серікбай Бегалы Серікбайұлы, Қаратау ПБ бастығы лауазымына полиция майоры Жұманов Сейдалы Оразалыұлы үміткер деп танылды. Айта кетерлігі, жергілікті полиция қызметінің басшыларын тағайындау тәртібі енді кандидатты Ішкі істер министрі облыс әкіміне ұсынып, оған мәслихат депутаттары келісімін беру арқылы жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, құжатта жергілікті полиция қызметі басшысының жергілікті қауымдастыққа есептілігі де қамтылып отыр. Сонымен қатар, әкімдіктер мен мәслихат алдында және жылына бір рет халық алдында есеп беретін болады. Бұндай есептілік полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін болады.12646674_1693672730879087_7620519887641491246_oБұл бастама Мемлекет басшысының Ұлт жоспары — бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 30 және 31-қадамдарын орындау мақсатында әзірленген. Елбасы жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру керектігі туралы тапсырма жүктегені белгілі. Осыған байланысты, жергілікті полиция құру Ішкі істер органын оңтайландыру жолымен жүзеге асады, оның құрылымына учаскелік инспекторлар, жол полициясы қызметкерлері, өңірлік және табиғатты қорғау, сонымен бірге әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері біріктіріледі. Тұжырымдамаға сәйкес, жергілікті полиция қызметі ішкі істер органының бірыңғай жүйесіне құрылымды түрде енетін болады

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.