Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шетелден әкелінетін тауардың бәрі шекарадан өткізіле бермейді
    Жаңалықтар

    Шетелден әкелінетін тауардың бәрі шекарадан өткізіле бермейді

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.01.20161 406 Views

    Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты бірқатар міндеттемелерді қабылдады. Тиісінше  кәсіпкерлерге, шетелдерден тауарлар алып келетін мекемелер мен тасмалдаушы, экспорттаушыларға түсіндіру жұмыстары да  қолға алынды. Осы мақсатта ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері импортталған тауардың экспортқа шығарылмауын қамтамасыз ету мақсатында Сарыағаш ауданында кездесу өткізді. Көршілес елмен жақын орналасқан ауданда кеденнен тауар жеткізіп, немесе өнімін шетелге өткізетіндердің қатары көп. Жиынның осы аймақта өткізілуінің де мәні осында. Жалпы, Оңтүстік аумағында ДСҰ мөлшерлемелерімен тауар әкелетін мекемелер жетерлік. Тауарлар көбіне өз қажеттеріне пайдалану үшін жеткізіліп жатады. Ал енді кедендік төменгі мөлшерлемелермен кіргізілген тауар, яғни Қазақстанда ғана сату үшін әкелінетін, тіркелетін заттар Еуразиялық Экономикалық Одағының елдеріне, басқа мемлекеттерге сатылымға жіберілмейді. Оларды қайта шығару жағдайында тиісті құжаттарыңызды рәсімдегеніңіз жөн. Жиын барысында тауарларды бір елден екінші елге  тасымалдаушы, немесе отандық саудаға енгізіп жүрген кәсіпкерлер тарапынан сұрақтарда туындады. Арнайы топ салық төлеушілерге саладағы бағытты баяндап берді. Жаңадан бекітілген міндеттемелерде түсініспеушілік орын алмас үшін кәсіпкерлерге тиісті мекеме бағдар беруге де дайын. Сарыағаш ауданы Өзбекстан елімен шекаралас жатыр. Мұнда «Қапланбек» кеден бекеті арқылы алыс, жақын елдерден тауарлар әкелінеді. Алайда кез келген шетелден жеткізілетін заттар қатары  енді кеденнен өткізіле бермейтін болған. Бекітілген алып қою тізбесіне 1347 тауар атауы енгізілді. Оның ішінде ауылшаруашылық өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, көлік құралдары тағы басқасы бар. Енді салық төлеушілер кедендік мөлшерлемелерде тауарының қандай бағытқа жеткізілетінін анықтап, сол бойынша тиісті құжаттарды енгізуі тиіс. Себебі тек, Қазақстанда ғана сатылуға кіргізілген тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың елдеріне тиісті құжатсыз еркін өте алмайды.

    Жомарт БЕГІМБЕТОВ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.