Мұндай келісімге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Бейбіт Атамқұлов пен Ресей Федерациясындағы «ДОШИРАК КОЯ» корейлік компанияның бас директоры К.Енчолмен кездесу барысында қол жеткізілді. Сонымен қатар, Енчол мырза өңірдің жоғары инвестициялық тартымдылығы мен тамақ өнеркәсібін дамуына тигізетін табиғи-климаттық ерекшеліктерін атап өтті. Сонымен қатар, кепкен жасыл көкөніс, түрлі дәмдеуіштер мен құрғақ лапша («тез әзірленетін» лапша) өндірісіне инвестиция салуға дайын екендігін хабарлады. Өңір басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының аймағында «ДОШИРАК КОЯ» компаниясының бастамасына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлімдеп, жасыл көкөніс пен лапша өндірісінен бөлек, йогурт шығаратын зауыт құрылысын ұйымдастыруды ұсынды. Кездесуден соң, Енчол мырза тамақ өнеркәсібіне бағытталған Түлкібас ауданындағы индустриялық аймақпен және Сарыағаш ауданындағы ауылшаруашылық алқаптарымен танысты. Атап өтетін жәйт, бұл соңғы 2 жылдағы корейліктердің қатысуымен үшінші жоба болып табылады. Мәселен, 2015 жылдың соңында облыс аумағында «Рахат-Шымкент» (LOTTE Group компаниясымен бірлесіп) кондитер фабрикасы кеңейтілді және жаңғыртылды, сондай-ақ қолғаптар шығаратын фабрика (HANSOL компаниясымен бірлесіп) іске қосылды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ СNNC КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының (СNNC) басшысымен кездесуде атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Шэнь Яньфэнге Қазақстанның аталған...