Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі Шымкенттегі бірқатар елді мекендердің мәселесімен танысты
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі Шымкенттегі бірқатар елді мекендердің мәселесімен танысты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.01.2016Updated:18.01.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласының Абай ауданына қарасты бірқатар елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінде ауданға қарасты 12 тұрғын үй алабы мен 21 шағын ауданда 220 мыңға жуық тұрғын бар. Ең алдымен, Ақжар елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің жұмысымен танысқан облыс әкімі қала басшылығына аталған мекеннің тұрғындарын сумен қамту мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Бұл тапсырманың орындалу барысын өңір басшысы сондағы ауыл ақсақалдары кеңесі арқылы біліп отырмақ. Айта кетерлігі аталған елді мекенде 630 тұрғын үй болса, онда 4 мыңнан астам xалық тұрады. Елді мекендегі таза ауыз су мәселесі шешілгенше, ауыл тұрғындары бүгінгідей жер асты суын пайдаланбай, Ақжар елді мекенінің басына келіп тұрған таза ауыз суды тұтынатын болады. Сапар барысында аймақ басшысы қала аумағында орналасқан Қорғасын зауытының кен қалдықтарын залалсыздандыру мәселесіне де көңіл бөлді. Қала тұрғындарының денсаулығына кері әсері мол бұл қорғасын үйінділері 2014 жылдан бері қалалық ТҮКШ бөлімінің меншігінде. Мұндағы зиянды қалдықтар үйінділері бойынша баяндаған М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Жұмахан Мырхалықов улы химикаттардың ауаға таралуын болдырмау үшін арнайы жасыл шыммен жабуды ұсынды. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына жобаны кеңінен зерттеп, зерделеуді және жақын арада ең тиімді технологияны ұсынуды тапсырды. 12615214_1673081446268305_7574146266201593103_oСондай-ақ, аймақ басшысы Абай ауданындағы бірқатар жолдарды аралап, Арғынбеков көшесіндегі кептелісті азайту мақсатында оған төртінші жолақ қосуды тапсырды. Сонымен қатар, Абай даңғылын «Алматы – Термез» айналма жолына қосу үшін жасалған сызбаны мақұлдап, қала басшылығына оның жобалық сметалық құжаттарын әзерлеуді жүктеді. Сондай-ақ, «Самара – Ташкент» айналма жолын қаланың келбетіне сәйкестендіріп, ондағы сауда орындарын екінші деңгейлі жолдарға көшіруді айтты. Стратегиялық маңызы зор қала болып табылатын Шымкентті дамыту үшін облыстық бюджеттен 2016 жылға 25 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінсе, оның 22,6 млрд. теңгесі нысаналы даму трансферттері болып табылады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.