ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен Ауесбек Зпашевич Таутеев ҚР Энергетика министрлігі Мұнай – газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің ОҚО бойынша экология департаментінің басшысы болып тағайындалды. Ауесбек Зпашевич 1963 жылғы туылған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1986 жылы Шымкент қорғасын зауытының агломераторы, цех балқытушысы, балқыту цехының 4,5 разрядты агломераторы, балқыту цехының 5 разрядты балқытушысы, балқыту цехының мастері болып бастаған. 1993-1997 «Алматы зергерлік заводы» АҚ №1 филиалдың инженер металлургі, бас металлургі, 1997-1998 «DEAL GLOBAL ltd» компаниясы, ҚР бойынша аграрлық департамент директорының орынбасары, 1998-1999 ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Негізгі өндіріс салалары басқармасының Қорғаныс кешені өнеркәсіптері бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, 2000-2001 ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жекешелендіруді бақылау басқармасының негізгі өнеркәсіп салалары бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы, 2001-2006 ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімінің консультанты, сарапшысы, 2006-2009 ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу департаменті директорының орынбасары, директоры, 2009-2010 ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Индустриялдық-инновациялық даму бөлімі Минералдық шикізат кешені, энергетика және табиғатты пайдалану секторының меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары, 2012-2014 ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 «ҚР Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша экология департаменті» РММ басшысы қызметін атқарған.
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА — ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Тамара Дүйсенова 2023 жылдан бері...