Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова ауыл шаруашылық саласында ұзақ жылдар бойы ерінбей еңбек еткен ардагер Жарылқап Төлбасиев пен Аппаз Досқараевқа ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін табыстады.Сала министрі Асылжан Мамытбековтың бұйрығымен берілген бұл марапат Оңтүстік өңірінің ветеринария саласында 40 жыл еңбек еткен Жарылқап Төлбасиев пен аграрлы аймақта 48 жылдан астам жұмыс істеген Аппаз Досқараевтың еңбегіне лайықты құрмет болып табылады, — деп атап өтті Гүлжан Мамытқызы.
“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...