Шымкент қаласының Үздік жастары анықталды. 2015 жылды қортындылай келгенде қай салада болмасын еліміздің үшінші қаласы толағай табыстарға қол жеткізген. Жетістіктерге жетуде жалынды жастардың да үлес салмағы басым. Осыған орай 24 аталым бойынша қала әкімінің «Үздік жастар премиясының» иегерлері де анықталды. Марапат иегерлерінің арасында «Айғақ» қоғамдық телеарнасының редакторы Абай Омар да бар. Шымкенттегі 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 240 мыңнан асады. Осыншама жігерлі жандардың арасында оза шабу әрине оңай емес. Сегіз жылдан бері «Айғақ» қоғамдық телеарнасында тілшілік қызмет етіп келе жатқан Абай Омар «Үздік жас тележүргізуші» аталымына ие болды. Абай Өсербайұлы 100 пайыз мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарнада жұмыс істей жүріп, журналистика саласында мол тәжірибе жинақтаған. Әріптесімізді бүгінгі марапатымен құттықтай отырып, алар асуың көп болсын демекпіз!
ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА — ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Тамара Дүйсенова 2023 жылдан бері...