Оңтүстік Қазақстан облысынан келген алаяқ емшіні Ақтау қаласының полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлады қала прокуроры Талғат Әлібаев.
«Маңғыстау облысы халқының көпшілігі осындай алаяқ емшілердің сөзіне сеніп алданып қалып отрады. Тіл, көз тигендерді ұшықтау, жол ашу, қиын ауруларды емдеп жазу, үйге береке әкелу, қызметте мансаптық өсуге және тағы басқаға қатысты «емдеп-жазуға» сендірген алаяқ бүгінде уақытша тергеу абақтысында»-деді прокурор сенбі күнгі брифинг барысында.
Маңғыстау облысында өзін «халық емшісі» деп таныстырып, азаматтарды алдау арқылы ақша табатын алаяқтарға қатысты оқиға жыл басынан үш дерек тіркелген екен.