Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Саян Ахметжанов Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Жоламанұлы Сабыров Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы қызметіне тағайындалса, Алик Жатқамбайұлы Шпекбаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды
ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...










