Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жаңа жылдан бастап еңбекақы жаңа модельмен төленетін болады
    Жаңалықтар

    Жаңа жылдан бастап еңбекақы жаңа модельмен төленетін болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.12.2015Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев хабарлады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында айтылған міндеттердің орындалу жайын айтқан Арман Абдуллаев 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделінің енгізілуіне байланысты, облыс бойынша еңбекақыға жалпы 44,8 млрд. теңге көлемінде республикалық бюджет есебінен нысаналы трансферттер қарастырылып жатқанын айтты. Елбасы Жолдауда экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеметтік қорғау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз деген болатын. «Еңбекақы төлеу жүйесінің ұсынылатын моделінде қызметкерлер қызметінің ерекшелігіне, кәсіптік деңгейіне, жауапкершілік және орындалатын жұмыстың күрделілігі деңгейіне қарай азаматтық қызметшілердің лауазымдары 4 функционалдық блогқа бөлінетін болады», — деді басқарма басшысы. Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында келер жылы 45 білім беру және 9 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілетін болады. Ал тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту мақсатында 24 нысан іске қосылып, 13 елді мекендегі 160 583 адам ауыз сумен қамтылса, газбен қамту бойынша 21 нысан іске қосылып, 48 елді мекендегі 80 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, жалпы алаңы 35,6 мың шаршы метрді құрайтын 57 үй пайдалануға берілмек.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.