Облыстық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері, мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Спандияр Бекжігітов «Ұлт денсаулығы» бағыты бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Ашық әрі жариялы түрде өткен кезекті қоғамдық қабылдауда медицина саласына қатысты сан сауалдар жолданды. Халық қалаулысының алдына көкейкесті мәселесін 2 азамат айта келіпті. Олардың екеуі де ақ халаттыларға алғысын айтса, қалған 3 аудан тұрғынының сауалын жақында іске қосылған жедел желі арқылы тыңдауға мүмкіндік туды. Шалғайда жатқан аудан тұрғындары бұл ретте тікелей желі арқылы халық қалаулысымен байланысқа шығып, сырқатының түріне байланысты кеңес алды. Жедел желінің қоғамға берері көп — ақ. Яғни бұдан былай бұқара халық өзін мазалаған сауалдар мен өзекті мәселелерге жауап алу үшін үйден шықпай — ақ, байланыс желісі арқылы жауап ала алады. Еліміздегі жетекші партия қолған жаңа жүйе жұмыс жасауды мейлінше жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге сеп болмақ.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










