Тәжікстанда қуаты 6,9 баллдық жер сілкінісі болып, ол Шымкентте, Тараз бен Алматыда сезілді, деп хабарлады қазақстандық сейсмологтар. «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісімен 2015 жылғы 7 желтоқсанда Астана уақытымен 13.50.11 сағатта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-батысында 620 км жерде, Тәжікстан аумағында тіркелді», — делінген жарияланған хабарда. «Жер сілкінісінің магнитудасы MPV — 6,9. Жер дүмпуі Қазақстанның оңтүстігінде – Шымкентте, Таразда 3-4 балл, Алматыда 2 балл болды-деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова: халықты жұмыспен қамту...








