Отырар ауданында алдағы уақытта жүгері алқабы екі есеге артып, егіс көлемі 40 мың гектарға өседі. Осыдан жиналған өнімді өңдейтін жүгері зауыты ашылып, жем шығаратын зауыт салу жоспарланып жатқандығын мәлім етті ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Салыхан Полатов. Осының нәтижесінде, Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында айтылған жаңа жұмыс орындарын ашу міндеті біршама орындалатынын мәлімдеді. Оданда бөлек ауданда жаңа жұмыс орындарын құру бойынша нақты іс-әрекеттердің жасалып жатқанын айтты. 2011-2015 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспары бойынша ауданда 5379 адам жұмыспен қамтылып, меже 141,2 пайызға артығымен орындалған. Нәтижесінде, Отырар ауданындағы жұмыссыздық деңгейі бүгінгі таңда 5 пайызды құрайды. Ал жыл басынан бері 1708 азамат жұмыспен қамтылып, жоспар 138% -ға орындалып отыр.
ЕЛІМІЗ 10 АЙДА 48,4 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА ТАУАРЫН САТЫП АЛДЫ
Қазақстан электр энергетикасы тауарларын сатып алуда 42,6 пайыз импортқа тәуелді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мәлім етті. — Біздің...