Бүгін Алматы қаласындағы Америка Құрама Штаттарының Бас Консулы Марк Муди мырза ресми сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Кездесу барысында жоғары мәртебелі қонақ Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Б.Атамқұловпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, оларға біздің өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды. Кездесу барысында ОҚО-ның медицина мекемелеріндегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесі де болды. Американдық тарап оңтүстікқазақстандық дәрігерлерді онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды, сонымен қатар балалардың ми салдануы ауруларын заманауи емдеу тәсілдерімен таныстыру мақсатында АҚШ-тың жетекші университеттері мен зертханаларында тәжірибеден өткізуге ықпал етуге дайын екендігін хабарлады. Сонымен қатар, өңір басшысы білім беру саласына ІТ технологияны ендіріп, оны қала мен ауыл мектептерінде қолжетімді ету облыс басшылығының басты мақсаттарының бірі болып табылатынын атап өтті. Кездесу нәтижесі бойынша М.Муди американ делагациясының атынан қонақжай өңірімізге алғысын білдіріп, ОҚО-ның инвестиция тарту мүмкіндігін бағалады. Облысқа іс-сапар аясында, американдық делегация Назарбаев зияткерлік мектебінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының Моделі» атты конференцияға қатысуды жопарлауда.
ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Сарыағаш шекара жасағы - еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған шекара жасақтарының бірі болып табылады. Облыс республикамыздың оңтүстік шекарасын қорғауда...