• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстікқазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтті

01.12.2015
0

ҚР Тұңғыш Президент күні Шымкентте кең көлемде тойланды. Салтанатты мерекелік шара Түркістан сарайында өтті. Айтулы мерекеге облыс басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары, әкімшілік органдар басшылары, облыстық басқарма басшылары, қала, ауданнан делегациялар, ардагерлер, облыстың зиялы қауым өкілдері,  саяси партиялардың жетекшілері, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар жетекшілері, діни конфессия басшылары, этно мәдени орталықтардың төрағалары мен өкілдері, білім, мәдениет, денсаулық, спорт саласы мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының басшылары, жастар қоғамдық ұйымдарының төрағалары, студенттер, БАҚ өкілдері, т.б. қатысты.

1

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды салтанатты  шарада құтықтау сөз сөйлеп, жиналғандарға мерекелік лебізін  білдірді. Қазақстанның тәуелсіздік алып, мемлекет ретінде қалыптасуынан бастап экономикасы  дамудың даңғыл жолына түсуде  Елбасының  қажырлы еңбегі мен ұлы бастамалары негіз болып отыр. Бүгінде Тәуелсіздік, Қазақстан сынды ұғымдар Елбасының есімімен қатар айтылып, үндесіп жатыр. Қазақ елінің  қазіргідей тұғырын биікке көтеріп, сан ұлттан құралған халқтың арасында бірлік пен татулықты сақтап, мәңгілік ел идеясымен алға жылжуында  ұлт көшбасшысының ұшан-теңіз еңбегі жатыр.

6Салтанатты шарада Ұлт мақтанышына айналған Мемлекет басшысының елімізде және әлемдік деңгейде жеткен жетістіктері  дәріптелді. Сондай-ақ, бұл мерекеде облысымызда түрлі салада еңбек етіп, еліміздің  дамуына айрықша үлес қосқан  жандар да елеусіз қалмады. Яғни білім, денсаулық сақтау және экономика, ауыл шаруашылығы мен  әлеуметтік саланың қызметкерлеріне облыс әкімдігінің «Алғыс хаты» табыс етілді. Құрмет-қошемет көрсетілген жандардың арасында 93 жастағы Ұлы отан соғысының ардагері Қаратай Төлебековте бар.

Sequence 01.Still008

3

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлем елдеріне өзінің бейбітшілік пен ынтымаққа,  татулыққа үндейтін  бастамаларымен, сондай-ақ, көреген реформатор ретінде  танылған тұлға. Қазақсан  президенті  халықаралық қауымдастық алдында да еліміздің  абыройы мен мәртебесін көтере білді. Сонымен бірге, өзінің жасампаз идеяларын жүзеге асыра білетін қайраткер ретінде де  күллі әлемге танылып отыр.

2

Әлемде болып жатқан түрлі ұлтаралық жанжалдар мен қырғиқабақ соғыстардың зардабын саралай келе адамзат баласы үшін ең  маңызды құндылық – бұл тыныштық пен бейбітшілік. Бұл ретте де Елбасының  Қазақстанда  сан ұлттардың  тату-тәтті, өзара келісімде  өмір сүруі үшін жасап жатқан жұмыстарынан  бүгінде өзге елдер үлгі алуда. Ұлт көшбасшысы ешбір мемлекетте жоқ Қазақстан Халхы Ассамблеясын құрып, оған Конституциялық мәртебе берді. Өз кезегінде аталған құрылым бүгінде елдегі  тұрақтылық пен татулықтың кепіліне айналып отыр. Сондай-ақ, Елбасы  бүгінде жастарға да үлкен қолдау көрсетуде. Олардың  жан-жақты, жоғары білім алып, еліміздің дамуы үшін қажетті инновациялық технологияларды  енгізуге барлық жағдайды жасауда. Тек ендігі  жерде  жас буын артылған сенімді ақтаса болғаны.

Sequence 01.Still007

Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шарада өңіріміздің  өнер майталмандары да кеш қонақтарының назарына  әсем әуендерін тарту етті. Ал, Алматы облысының «Алатау» концерттік бірлестігі де арнайы келіп, оңтүстіктің сахнасында «Ұлы дала елі» атты сахналық композициясын тарту етті. Патриоттық рухты көтеретін  халық музыкасы мен биі көрермендердің көңілінен шықты. Шараға келген халық қалаулылары мен ел зиялылары өз кезегінде Елбасының қайраткерлік тұлғасы жайлы және оның  дәл мереке күні халыққа арнаған дәстүрлі жолдауы байланысты  өз ойларын білдірді. ҚР Тұңғыш Президент күніне орай  өткізілген мерекеге жиналғандар осылайша Елбасының  ауыз толтырып айтатын көптеген жетістіктерін әңгімелеп жатты. Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар кеш қонақтарын әуелеген әнге бөлесе, бишілер де сахнада мың құбылып, әсерлі көріністерді тарту етті. Жалпы мерекелік іс-шараға 1400-ге жуық азаматтар қатысты. Іс-шара мерекелік отшашумен аяқталды.

 

Бөлісу12TweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.