«Нұрсәт» шағын ауданында орналасқан xимия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі жас ізденушілерге зерттеу жұмыстарын жүргізуі үшін кеңейтілген лабораториялық физика, химия, биология, нанотехнология, роботтехникасы кабинеттеріне жаңадан құрал-жабдықтар алынған. Бір сөзбен, жастардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалынған. Оқушылармер кездескен қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов білім аламын деген жас талапкер осы мүмкіндікті өз пайдасына жарата білу керек екендігін атап өтті. Айта кетерлігі, ұстаздар мен жас ізденушілер Қазақстанның, Ресейдің, Ұлыбританияның, Америка құрама штаттарының, Германияның алдыңғы қатарлы құрал-жабдық жасаушы әлемдік брендтегі PASKO, PHIWE компанияларыларының мамандарымен тығыз жұмыс жасайды, жаңа құрал-жабдықтармен бірлікте өз тәжірибелерін бөліседі. Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасында қала əкімі білім саласына баса мән беретіндігін айтып, келешекте Шымкентте заманауи білім ұяларының көптеп бой көтеретіндігін тілге тиек етті.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










