Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сараланды
    Жаңалықтар

    Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сараланды

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.11.2015324 Views

    Сәрсенбі күні Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті. Күн тәртібінде қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Рахымберді Мулкеманов жыл соңына дейінгі бюджет қаржыларының игерілу жағдайы, мемлекеттік бағдарламардың орындалу барысы туралы баяндама жасады. Қазіргі таңда, шаһарымызда 9 мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы бойынша биыл  5 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамту орталығы арқылы 108 жұмыссыздарды жолдау қажет болатын.  Мұнан өзге, биылғы жылдың  өзінде саябақтарды абаттандыру, тұрғын үйлерді жаңғырту мәселелері де өз шешімін тапқан. Дейтұрғанмен, 7 бірдей құрылыс нысанға  қаржы уақтылы қаралғанмен, бүгінде  әлі аяқталмаған.   «Өңірлерді дамытудың-2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша  қалалық құрылыс бөлімі арқылы 2015 жылы барлығы 41 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде екен. Оның ішінде 2699 пәтерлі 37 тұрғын үйдің құрылысын жыл соңына аяқтау жоспарланған. Ал, 11 үй жұмыс комиссиясымен қабылдануда. Сонымен қатар, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖШС арқылы  жыл басынан 1572 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 1080 пәтердің құрылысы аяқталып, кезекте тұрған азаматтарға берілуде. Ал, өз жұмысына салғырт қарап, құрылысты кешеуілдеткен мердігер жұмысын өз бақылауыма аламын деген Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов барлық құрылыс жұмыстарын дер кезінде аяқтауды тапсырды. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жұмысы да бүгінгі жиында сөз болды. Бөлім басшысы Асқар Қаныбековке қаладағы индустриалды аймақтағы жұмысы туралы  кәсіпорындардың тірлігіне жан бітіруді жүктеді қала басшысы.

    Ұлдархан УӘЛИХАНҚЫЗЫ

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ШЫМКЕНТТЕ БАС ҚОСТЫ

    26.11.2026

    ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

    26.11.2026

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨКПАР ТУРНИРІ ӨТТІ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.