Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Бақытұлы Омарбеков облыс әкімінің кеңесшісі – облыс әкімдігінің Астана қаласындағы өкілі болып тағайындалды. Аталған қызметте Бауыржан Омарбеков облысымыздың кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық дамуы, инвестиция тарту және туризм мәселелерін қадағалайтын болады. Бауыржан Бақытұлы Омарбеков 1983 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы экономист. Еңбек жолын «Қазкоммерцбанк» АҚ Шымкент филиалында менеджер болып бастап, «Тұран Әлем Банкі» АҚ ОҚФ, «БТА Банк» АҚ ШФ, «Альянс Банк» АҚ Шымкент қаласындағы филиалында сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, директордың орынбасары болып еңбек еткен. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің Бас директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары және аталған басқарманың басшысы қызметін атқарды.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ СВЕТЛАНА ЖАҚЫПОВАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды. Светлана Жақыпова: халықты жұмыспен қамту...








