Халықаралық дәрежедегі төреші, КСРО-ның спорт шебері, ҚР-на еңбек сіңірген жаттықтырушы, Оңтүстік спортының даумында өлшеусіз үлес қосып, талантты спортшылар даярлаған Түсіпхан Сағатбекұлы Сайхановты еске алуға арналған ашық турнир қасиетті жұмада жалауын желбіретті. Жарыс Шымкенттегі Жеңіл атлетикалық кешенде қала әкімдігі мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен биыл екінші рет өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге қатысып, боз кілемде бағын сынау үшін шартараптан ағылып келіп жатқан спортышлар саны едәуір көп. Түсіпхан Сайхановты еске алуға арналған еркін күрестен республикалық турнирге ОҚО-ның 3 командасы қатысуда. Жалпы сайыс 12 салмақ дәрежесінде өтуде.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










