Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Төлеби ауданында күмбезі көкпен таласқан «Аманта» мешіті ел игілігіне берілді
    Жаңалықтар

    Төлеби ауданында күмбезі көкпен таласқан «Аманта» мешіті ел игілігіне берілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.11.2015Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Киелі Қазығұрт тауының етегінде жатқан қауым үшін үлкен қуаныш орын алды. Төлеби ауданының Кемеқалған ауыл округіне қарасты Абай ауылының жамағатына тұрғызылған мешіттің лентасы қиылып, алғашқы мінәжат жасалды. Оңтүстіктің игі жақсылары мен республикамызға танымал тұлғалардың басын қосқан ашылу рәсімі ел аманатын осылайша орындады. Халқының жанашырына айналып отырған жеке кәсіпкер Әсет Қайыпбековтің демеушілігімен бой көтерген «Аманта» мешіті Іле Алатауының сілемдеріне жалғасқан Қазығұрт тауымен керемет үйлесім тапқан.

    01

     

    03                        Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Асқар Құлыбаев, ҚР Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» Мүсілімбай Дайырбековтер арнайы келіп, алдымен сәждеге бас қойды. Өңірдің зиялы қауым өкілдері де бүгінгі қуаныштың төрінен орын алды.

    05

    0204

    Абай ауылының өз биігінен орнын тапқан зәулім мешіттің күмбезі аспан көкпен таласқан. Бұған дейін ауыл азаматтарының тағзым жасайтын арнайы орны тарлық етіп келді. Осыны ескерген Абай топырағының тумасы азаматтығын танытып, көпшілікке қуанышын сыйлап отыр. Күні кеше борандатып, ақ ұлпа жауған түннің ашуы сейілген, күннің көзі нұрын төгіп тұрды. Мұның өзі пейілі кең жанның жанашырлығын әйгілегендей. Бұл мешіттің «Аманта» аталуының өзіндік себебі бар. Заманында ұшқыр ойлы, қоғамының тәрбиешісі, данагөй ақылшысы бола білген бабаның рухын ұлықтау. Мейірімділік пен ізгіліктің нұрын жүректерге жеткізген қасиетті орынның болашақ ұрпағы үшін маңызы зор. Баба аманатын жалғастырған бүгінгі жас Әсет Әбдірашұлы қандай құрметке болсын лайық. Ынта-ықыласымен, жан жүрегімен облыстың әрбір түкпірінде өзіндік қолтаңбасын қалдыруда. «Сити строй» салған құрылыс нысандары әлеуметтің қажетіне жарап отыр. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына тарту етіліп, Шымкент қаласындағы саябақтың төрінде тұрғызылған жеті найза кешені «Сити Стройдың» үлесінде. Теміржол вокзалының аумағындағы 3 бірдей автожолды түйістірген «Жібек жолы» аталымындағы сағат композициясы да аймақтың сәулетін толықтырып тұр. Баба аманатын ұлықтаған тағы бір өнегелі іс халқының қорғаны, елінің біртуар батыры айналған Ақпан батырдың ескерткішінің бой көтеруі еді. Қала орталығында орын тепкен ескерткіш болашақ ұрпаққа ой салары сөзсіз. «Күншығыс» мөлтекауданында балалар үйін салып, ел игілігіне берді. Тұрғын үйлердің құрылысымен айналысып жүрген «Сити строй» корпорациясы үшін бірегей мәдениет ошағы «Түркістан» сарайының іргетасын көтеру алдымен оңайға соқпады. Бар күш-жігерімен, ынта-ықыласын төге отырып, тәжірибенің молдығын пайдаланған мекеме бұл жұмысты да абыроймен атқарды. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде де елге танылып, жұртшылықтың өтініш-тілегін орындап келеді. Осыны ескерген халық қалаулылары әріптесінің жасаған жақсылығын жамағатымен бөлісті.

    07

    Бақ дарыған құтты мекеннің баурайында алыстан менмұндалап тұрған «Аманта» мешіті ендігі ауыл азаматтарының іргелі орыны. Асқан жауапкершілік пен ауызбірлікті, мызғымас ынтымақтың ұйытқысына айналған қауым жиыны ыстық ықыластың нұрын төккендей. Бір-бірімен құшақ алыса амандасып, хал-жағдайын сұрасқан ізгі тірлікке көпшілік қолдау танытты. Лента қию рәсімі де көпшіліктің таныстырылымнан кейін өтіп, бір мезгілде құшағына 200-ден аса жамағатты сыйдырды.

    09

    «Талпынар сәтте талпынсаң, қыран құшса самғайсың» деген қазақта қанатты сөз бар емес пе? Сәтті қадамын жасаған ел азаматының арман-тілегінің бір бағыты орындалғандай. Келген жанды, ерекше дизайнымен баурап, көрінісі көзді талдырған заманауи үлгідегі мешіттің ендігі қызметі ұрпағына тәлім трбие беру мен қатар, ынтымақ бірліктің ордасы болмақ. Мешіт жанынан салынған саябақтың бір жартысы Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналады. Болашақта есімдері мәрмәр тасқа қашалып жазылып, ұрпағы мәңгі тағзым жасайтын қасиетті орынға айналары сөзсіз.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.