Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылына табиғи газ жетті. Бүгін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан тартылатын «Шалдар» автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Газ алауын жағу салтанатына облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов пен «ҚазТранГаз» АҚ Бас директоры Қ.Шәріпбаев, жергілікті тұрғындар және БАҚ өкілдері қатысты. Аталған станция арқылы 55 мыңнан астам тұрғыны бар Бәйдібектегі 52 елді мекен мен 50 мыңнан астам тұрғыны бар Созақ ауданы газбен қамтылатын болады. Бүгінгі таңда 35 елді мекенге көгілдір отын жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
Жомарт Бегімбетов