Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамытудың 5 басым бағытын ұсынып отыр. «Алтын күз — 2015» еңбеккерлерінің мерекесінде шаруаларды құттықтаған облыс басшысы осындай ұсыныс тастады. Әрбір аудан — қаланың потенциалын жіті зерттеп, мүмкіндігіне қарай өнім өндіруді жолға қою басты мәселе дейді. Республика бойынша аталған салада көш басында тұрған Оңтүстік үшін шаруашылықты әлдеқайда дамытудың тиімді тетіктері көп.
Cалтанат Тойболова