Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясы таныстырылды
    Жаңалықтар

    Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясы таныстырылды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.11.2015Updated:12.11.2015Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шаһар басшысы Ғ.Әбдірахымов облыс әкімі Б.Атамқұловқа Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму концепциясын ұсынды. Аталған құжатта Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жәй-күйіне салыстырмалы талдау жасалынып, негізгі көрсеткіштердің даму динамикасы, өзекті мәселелер және қаланың 2020 жылға дейінгі перспективалары көрсетілген. Даму тұжырымдамасында қала әкімдігінің негізгі мақсаты, яғни республикадағы үшінші ірі қала мәртебесіне лайықты орын қамтамасыз ету, ондағы тұрғындардың қолайлы ортада өмір сүруіне және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Жиынға қатысушылар презентация барысында шаһарымыздың алдағы 5 жылда жүзеге асатын болашақ жоспарларымен танысты. Ұсынылған құжат Елбасының Қазақстан халқына жолдауларындағы басым бағыттары негізінде дайындалған. Бұл концепцияның түпкілікті мақсаты—Шымкент қаласын тұрғындарға ыңғайлы және қонақтарға тартымды етіп көрсететін республикадағы заманауи мегополиске айналдыру. Бұл жолда қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мынадай міндеттерді ортаға қойды. Бірінші: қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелерді шешу;
    Екінші: қала тұрғындары мен қонақтарына қажетті инфрақұрылым жүйелерін жетілдіру;
    Үшінші: қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, инвестиция көлемі мен туристердің санын арттыру. 
    Жиында қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов: «Қала экономикасына инвестициялар тарту үшін бізге жаңа жобалар қажет. Осы ретте, Тұран шағынауданының солтүстік-батыс бөлігінен «SHYMKENT CITY» заманауи тұрғын және іскерлік орталығын салуды ұсынамын. Ол үшін алаңы 412,0 га жерді «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының құрамына енгізіп, инвесторларды ынталандыру қажет. Осы мақсатта арнайы заңға өзгерістер енгізу жөнінде Үкіметке ұсыныстар беріледі. Сонымен қатар, «Тұран» шағынауданының егжей-тегжей жоспарлау жабасына өзгерістер енгізіп, инженерлік коммуникациялық жүйелердің құрылысын салу қажет», — деді. 

    Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Шымкент қаласына деген ықыласы өзгеше. Олай дейтініміз, әр реткі сапарында Шымшаһарға қатысты нақыл сөздер айтып, үшінші қаланың абырой-беделін көтеріп келеді. Кезекті бір сөзінде: «Шымкент – сәулетті қала. Тарихқа тұнып тұр. Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы – Шымкент дегенді мен бұрын да айтқанмын. Халқының саны бір миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады», — деген болатын. 

    12195118_1529151587398937_7827377798415392923_o
    Шымкент қаласы жыл өткен сайын кеңейіп, еліміздің ірі экономикалық, аграрлық қаласына айналуда. Бұл ретте шаһар басшысы қызметке кіріскен 3 ай ішінде қаладағы түйіткілді мәселелермен танысып, оның оң шешім табуына ықпал етіп келеді. Сонымен қатар, Ғ.Әбдірахымов түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен кездесіп, әр қайсысының пікірлерін назарға ала отырып, Шымкент қаласының гүлденуіне, қарыштап дамуына қажетті ұсыныс, тілектерді өз қадағалуына алып келеді. Әсіресе, жоба дайындау барысында жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Қорытындысы бойынша, сауалнама қатысушыларының басым бөлігі жұмыссыздық туралы пікірлерін білдірді. Бірі-медициналық көмек көрсету қызметіне көңілі толмаса, тағы бір бөлігі қала жолдарының сапасы сын көтермейтіндігімен жеткізді. Экология, жол қауіпсіздігін сақтау және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану секілді мәселелер де күн тәртібінен түскен емес.

    12240861_1529151590732270_6744196148804860962_o

    Шымкент жасыл желекті қала. Сондықтан, қаланы көгалдандыру концепциясын назардан тыс қалдыруға болмайды. Шымкент тек қала тұрғындарының ғана емес, инвесторлар мен туристтердің де сүйікті қаласына айналуы керек. Алдағы 5 жылда Шымшаһар республикаға жаңаша қарқынды дамуымен танылады. Соның ішінде Бадам өзенінің жағалауы Шымкенттіктердің демалыс аймағына айналады.

    12183738_1529151467398949_347883987267256400_o

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.