Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Денсаулық»Оңтүстікқазақстандық онкологтар шетелдік мамандардан дәріс алмақ
    Денсаулық

    Оңтүстікқазақстандық онкологтар шетелдік мамандардан дәріс алмақ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.11.2015Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сейсенбіде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Франция елінен келген профессор Генри Бисмут пен Монғолиядан келген профессор Чинбурэн Джигжидсурэнді қабылдады. Екі елдің білікті дәрігерлерімен кездескен облыс басшысы онкологиялық аурулардың алдын алу тақырыбында ой бөлісіп, өңірдегі қатерлі ісікдертіне шалдыққан науқастардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша әңгімелесті. Облыстық онкологиялық диспансерінің мамандарын ұйқы безі мен бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққан науқастарды жоғары технологиялы әдіс-тәсілдермен диагностикалап, оны хирургиялық жолмен емдеуге үйретуге келген қос профессор бұл шеберлік сабақтарын тегін жүргізбек. Сондай-ақ, жиында аталған диспансердің базасында гепатологиялық орталық құрып, бауыр алмастыру әдіс-тәсілдерін енгізу жайы айтылды. Генри Бисмут – бауыр-өт жолдары, ұйқы безі хирургиясының әлемдік сарапшысы, Франция мен Еуропада бауыр алмастыру мектебінің негізін қалаушы маман. Профессор Чинбурэн Джигжидсурэн ОҚО дәрігерлерімен 2 жылдық бірлескен жұмыс нәтижесінде 5 шеберлік сабағы өткізілді. Моңғолиялық профессордың қатысуымен Шымкентте 30-дан астам ота жасалып, ұйқы безі мен бауыр ісігіне шалдыққан ауруларға 120-дан астам кеңес берілді. Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын ұйқы безі мен бауырдың обырына шалдыққан мыңға жуық жағдай тіркелсе, соның тоқсанға жуығы ОҚО-ға тиесілі. Бүгінгі таңда, облыстық онкологиялық диспансерде қатерлі ісік ауруларымен 11780 науқас тіркеуде. Осы жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, өңірде 98 адам бауыр қатерлі ісігімен есепте тұрса, 75 науқас ұйқы безінің обырымен кезекте тұр. Облыстық диспансерде 2013 жылы 9, 2014 жылы 12, 2015 жылы 9 бауыр отасы жасалып, бауырдың қатерлі ісігіне 30-дан астам операция ұйымдастырылды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.