Шымкентте республикада баламасы жоқ қазандық іске қосылмақ. Құны 3 миллиард теңгеден асатын жылу тарататын бұл қондырғы болашақта Шымкент халқының 85 пайызын қыстыңгүні жылумен қамтамасыз етпек. Құрылысы осыдан бір жыл бұрын басталған нысан жуық арада шымкенттіктер үшін кәдеге жарамақ. Бұл алып қазандық алдағы маусымда жаңа әкімшілік іскерлік орталығын жылумен де, жылдың төрт мезгілінде ыстық сумен де қамтамасыз ете алады. Германиялық қондырғылардың құны қымбат болғанмен, №3 энергоорталықтың қызметін толықтай атқаратын мүмкіндігі бар.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...











