Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың төрағалық етуімен әкімдіктің кеңейтілген мәжілісі өтті. Облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері және олардың экономика саласына жауапты орынбасары қатысқан жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Соның негізгісі Облыстың 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының негізгі индикаторларының ағымдағы жылдың 9 айында орындалу барысы болатын. Яғни өңір әлеуетінің өсіп өркендеуіне серпін беретін көрсеткіштердің жүзеге асырылу барысы мен жыл соңын дейін орындалмай қалу қаупі бар межелер сөз болды.
Абай Омар